«Ғылым – тұрақты болашақтың кепілі!»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен 2025 жылғы студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Технологиялық трансформация дәуіріндегі цифрлық геоинформатика және табиғи тәуекелдерді басқару» секциясына қатысуға 30-дан аса жұмыс ұсынылды. Конференция гибридті форматта өтті. Конференцияға қатысушы студенттер мен жас ғалымдар цифрлық геоинформатика, табиғи апаттардың алдын алу, климаттық өзгерістердің әсерін азайту бойынша инновациялық шешімдер мен ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
Жас ғалымдардың зерттеу тақырыптары Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты болды. Атап айтқанда:
ТДМ 9 («Индустрия, инновация және инфрақұрылым») – геоинформатиканың заманауи технологиялары арқылы жаңа шешімдер ұсыну.
ТДМ 11 («Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар») – цифрлық технологияларды қолдану арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
ТДМ 13 («Климаттың өзгеруіне қарсы шұғыл шаралар қабылдау») – табиғи апаттар мен климаттық өзгерістерге бейімделу жолдары.
Конференция жеңімпаздары:
1 орын – Маулитова Шырын;
2 орын – Ишпекбаева Айым, Шомытов Нұртілеу;
3 орын – Сланбек Тоғжан, Хакимжан Ақмарал, Жасұлан Ақерке.
Барлық қатысушылар жоғары деңгейде ғылыми жұмыстарын қорғап, алғыс хаттармен марапатталды. Бұл олардың болашақ зерттеулеріне серпін беріп, ғылым жолындағы жаңа жетістіктерге ынталандырады.
Картография және геоинформатика кафедрасы
География және табиғатты пайдалану факультеті
Басқа жаңалықтар

