- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері 2025 жылдың 9 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұралары» атты ғылыми семинарда дәріс өткізді.
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері 2025 жылдың 9 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұралары» атты ғылыми семинарда дәріс өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы, «Ғылым ордасы» РМК, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Abai Labs "Шығыс қолжазбалар мұрасы" зертханасы және С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы бірлесіп өткізген семинарға медицина саласындағы студенттер мен оқытушылар қатысты.
Семинар-дәріс ҚР ҒЖБМ ҒК 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруы аясында жүргізілген «Ортағасырлық түркі медицинасының парсы тіліндегі мұралары: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрāр ал-атиббā’» ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелерін медицина саласындағы мамандар мен оқушыларға таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Зубайда Шадкам «Шағатай тіліндегі медициналық трактаттарда кездесетін далалық ем түрлері» атты баяндамасында шағатай тіліндегі ортағасырлық медициналық трактаттарда кездесетін ем түрлерін зерттеп, олардың дәстүрлі медицинадағы орны мен қолданылу ерекшеліктерін талқылады. Ол түркі халықтарының дәрілік тәжірибесін кеңінен сипаттап, ортағасырлық мәдениетке тән дәрілік шөптер мен емдік тәсілдердің тиімділігін атап өтті.
Шығыстанушы-тарихшы, PhD докторы Тұяқбаев Өмір Оразұлы өз баяндамасында түркі халықтарының медициналық мұраларына жан-жақты шолу жасап, ортағасырлық медициналық трактаттар мен жазба деректердің қазіргі ғылыми зерттеулерде қолданылуы, сақталуы және жүйеленуі мәселелерін кеңінен талдады.
Түркітанушы, PhD докторы Кайранбаева Назым Нургельдиевна түркі халық медицинасында қолданылатын дәрілік шөптердің түрлеріне және олардың ортағасырлық медициналық шығармалар негізінде қолданылу тарихына, түрлі дәрі-дәрмек дайындау әдістеріне тоқталып, қызықты баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар ортағасырлық түркі халық медицинасының жазба мұраларын және ондағы дала медицинасының өзіндік ерекшеліктері, түркі халықтарының көне медициналық білімі мен ем-дом тәжірибелері қатты қызықтырды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Нагайбаева Зауреш Арстамбековна, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Уалиева Сауле Қабдымүлікқызы, т.б. ұстаздар қауымы дәрістердің отандық медицина тарихының көнеден бастау алғанын, халық медицинасының сабақтастығын, түрлі мәдениет пен өркениеттің медициналық тәжірибенің дамуына қосқан үлесін ашып көрсеткен студенттер үшін құнды дәріс болды деген ризалық пікірлерін білдіріп, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының жүргізіп жатқан зерттеулердің маңыздылығына тоқталды.
Бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен ЖОО бірлесе өткізген іс-шара қазақ халқының дәстүрлі медициналық білімін зерттеуге бағытталған және оны ғылыми тұрғыда пайымдауға тырысқан маңызды қадам болды деп бағаланды. Семинарда дәріс оқыған зерттеушілерге С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының Алғыс хаты мен сый-сияпаты табысталды, болшақтағы зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі.
Н.Н. Кайранбаева, Ө.Тұяқбаев
https://www.instagram.com/p/DIQTKP2NE1o/?igsh=MXVxc2F0dXMwMWM0dw==
Басқа жаңалықтар


