«Фараби әлемі-2025» халықаралық ғылыми конференциясында жарқын жеңіс!Farabi University

«Фараби әлемі-2025» халықаралық ғылыми конференциясында жарқын жеңіс!

4 сәуір, 2025

   Біз 6B06104 - Компьютерлік ғылымдар мамандығының 3-курс студенті Bekele Samson Dawit-ті «Фараби әлемі-2025» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясындағы керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Bekele Samson Dawit «Компьютерлік ғылымдар мен инженериядағы заманауи тенденциялар» секциясы бойынша 1-орынды иеленіп қана қоймай, факультет деңгейіндегі пленарлық кезеңде де 1-орынды жеңіп алды! 🏆👏

     Оның «INTERPRETABLE NEURAL MODELING FOR POLYMER FLOODING THROUGH SYMBOLIC EXPRESSIONS IN KOLMOGOROV–ARNOLD NETWORKS» атты ғылыми жұмысы жоғары бағаға лайық деп есептелді.

     Бұл жетістік – студенттің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшісі, доцент Иманкулов Тимур Сакеновичтің жемісті жетекшілігінің нәтижесі.

     Bekele Samson Dawit-ке алдағы уақытта да жаңа шыңдарды бағындырып, ғылым жолында толағай табыстарға жетуіне тілектеспіз!