«Фараби әлемі» конференциясында этнология мәселелері талқыланып, үйірме мүшелері марапатталдыFarabi University

«Фараби әлемі» конференциясында этнология мәселелері талқыланып, үйірме мүшелері марапатталды

3 сәуір, 2025

2025 жылғы 3 сәуірде Тарих факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың қатысуымен өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Этнологиядағы ұлт және мәдениет мәселелері» секциясы өз жұмысын жүргізді. Секция жұмысы барысында барлығы 18 баяндама тыңдалды. Білім алушылар баяндамаларын аяқтағаннан кейін оқытушылар мен қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тақырып аясында пікір алмасу өтті.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша:

I дәрежелі диплом – 1 қатысушыға берілді:

  • Жұмабек А., «6B02211 – Этнология және антропология» мамандығының 3-курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
    Баяндамасының тақырыбы: «Қазақстандағы ажырасу деңгейінің өсуі (этнопсихология мысалында)»
    Ғылыми жетекшісі: Е.Т. Қартаева.

II дәрежелі диплом – 2 қатысушыға берілді:

  • Ахметхан А., «6B02205 – Тарих» мамандығының 3-курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
    Баяндамасының тақырыбы: «Дәстүр мен даралық: Қазақ әйелдерінің этнографиялық келбеті»
    Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Г.А. Мейрманова.

  • Мұрат А., «6B02211 – Этнология және антропология» мамандығының 4-курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
    Баяндамасының тақырыбы: «Қазақ халқының бала тәрбиелеу ісінде дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгілерінің (ертегілер) орны және маңызы»
    Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Е.М. Тұрғынбаев.

III дәрежелі диплом – 3 қатысушыға берілді:

  • Ахмет Ә., «6B02211 – Этнология және антропология» мамандығының 3-курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
    Баяндамасының тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы ұлтаралық қақтығыстар»
    Ғылыми жетекшісі: Е. Тұрғынбаев.

  • Бакат М., «6B02211 – Этнология және антропология» мамандығының 4-курс студенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
    Баяндамасының тақырыбы: «Қазақстандағы этноспорт: қазіргі заманғы дамуы және халықаралық туризмдегі орны»
    Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Т.Е. Қартаева.

  • Жұмаділ А., «Заңтану» мамандығының 2-курс студенті.
    Баяндамасының тақырыбы: «Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары»
    Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ә. Ахантаева.