
Құрметті әріптестер мен достар!
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты — «Салауатты өмір салты мен игілік» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы және есеп» кафедрасы Алматы велотрегімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған әлеуметтік-спорттық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
📅 Өткізу күні: 2025 жылғы 19 сәуір
🕙 Басталу уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: Алматы қаласының Орталық демалыс саябағы (Алматы велотрегі аумағында)
Іс-шара «Салауатты өмір салты – мықтылардың таңдауы!» ұранымен өтеді және концерт, велошеру, квест-ойындар, флешмоб, таза ауадағы пикник және қатысушыларды марапаттау сияқты көңілді әрі белсенді бағдарламаларды қамтиды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш пен шабыт сыйлау, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Баршаңызды осы шараға қатысып, балаларды қолдау мен қоғамда денсаулық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз.
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті
«Қаржы және есеп» кафедрасы
Байланыс тұлғасы: Назгүл Шенгелбаевна
📞 +7 701 438 0935
Басқа жаңалықтар

