- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ «Жақсы денсаулық және әл-ауқат” тармағы аясында жасалған қайырымдылыққа алғыс білдірілді
ТДМ «Жақсы денсаулық және әл-ауқат” тармағы аясында жасалған қайырымдылыққа алғыс білдірілді

Қасиетті Рамазан айы туған сайын 3 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттеріне 30 күн бойы ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық танытып келе жатқан Алматы қаласы “Нұрлы” мешітінің Бас имамы Ашимов Қасым Абдулмажитұлына университеттің Басқарма мүшесі - әлеуметтік даму жөніндегі проректор С.Қ.Суатайдың атынан алғысхат табысталды.
Факультет деканы Н.Б.Ем Қ.Ашимов мырзаға алғысхатты табыстай отырып, дәстүрлі түрде жасалып келе жатқан қайырымдылық шарасының факультеттің білім алушыларын қайырымдылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор екенін ерекше атап өтті.
Факультетке алғаш рет келіп отырған Қасым Абдулмажитұлына академик Ә.Дербісәлінің еңбектері сыйға тартылды.
Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл
Басқа жаңалықтар

