ТДМ 5: "Әр бала – бақытқа лайық: Қамқорлық шарасы аясында кездесу"Farabi University

ТДМ 5: "Әр бала – бақытқа лайық: Қамқорлық шарасы аясында кездесу"

20 наурыз, 2025

      Жуырда Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушылары мен студенттері мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне қайырымдылық мақсатында барды. Бұл іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, оларға қолдау көрсету және қоғаммен тығыз байланыс орнату болды.

    Кафедра ұжымы балаларға тәттілер мен миды дамытуға арналған түрлі танымдық ойыншықтар тарту етті. Балалар бұл сыйлықтарды ерекше қуанышпен қарсы алды. Сонымен қатар, кафедра мүшелері балалармен жылы әңгіме-дүкен құрып, оларға көңіл-күй сыйлады.

      Бұл игі шара кафедраның әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, студенттердің де қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарына деген көзқарасын нығайтты.