"Цифрлық кәсіпкерлік: трендтер мен болашағы" интеллектуалдық іс-шара өткізілдіFarabi University

"Цифрлық кәсіпкерлік: трендтер мен болашағы" интеллектуалдық іс-шара өткізілді

17 сәуір, 2025

Экономика және бизнес жоғары мектебінде "Цифрлық кәсіпкерлік: трендтер мен болашағы" атты интеллектуалдық іс-шара өткізілді. 

Іс-шара Менеджмент кафедрасының доценті, э.ғ.к. Нурсейтова Г.Б., аға оқытушы Кусмолдаева Ж.И. және Менеджмент мамандығының 1-курс магистранттарымен ұйымдастырылды. 

Шараға кафедра оқытушылары, магистранттар және Менеджмент мамандығының 3-курс студенттері қатысты. 

Бағдарлама аясында зияткерлік ойындар, пікірталас алаңы және топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен креативті ойлау қабілеттерін көрсетті.