«Ұранды елдің ұрпағы қайсар»Farabi University

«Ұранды елдің ұрпағы қайсар»

17 сәуір, 2025

2025 жылдың 17 сәуір күні Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранттары Нұрмұханбет Ақерке және Одилова Айдана педагогикалық практика аясында патриоттық тәрбие бағыты бойынша «Ұранды елдің ұрпағы - қайсар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Дайрабекова Г.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігі арқылы ұлттық рух пен патриотизмді дәріптеу.

Іс-шара аясында бейнеролик көрсетіліп, оның негізінде ерлік, қайсарлық және ел бірлігі туралы пікірталас ұйымдастырылды. «Ұлт рухын таны!» атты викторина барысында студенттер тарихи тұлғалар туралы білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Сабақ барысында студенттер арасында қайсарлық дегенді қалай түсінетіні, қазіргі заманның патриоты қандай болу керек екендігі туралы сұрақтар талқыланды. Сабақ жоғары деңгейде өтті, студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен ашық бөлісті.

Ұйымдастырушылар:

Нұрмұханбет А.Т. –  Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты

Одилова А.Ж. – Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты

Дайрабекова Г.К. – Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы