«Аудиторлық қорытынды есеп» тақырыбындағы ашық сабақFarabi University

«Аудиторлық қорытынды есеп» тақырыбындағы ашық сабақ

17 сәуір, 2025

2025 жылдың 17 сәуір күні «Есеп және аудит» ББ-сының 3-курс студенттері үшін ерекше форматтағы ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы – «Аудиторлық қорытынды есеп», бұл тақырып қазіргі қаржылық есеп пен кәсіби дамуда маңызды орын алады.

Ашық сабақты жүргізгендер – «Есеп және аудит» ББ-сының 1-курс магистранттары Ибадулла Мақсат пен Елшібекқызы Айдана. Олар теория мен практиканы ұштастыра отырып, аудит саласының маңызды тұстарын түсіндіре білді. Сабақ барысында студенттер аудиторлық қорытынды есептің құрылымы, түрлері және маңыздылығымен танысып, сұрақтар қойып, белсенді пікірталасқа қатысты.

Бұл шара студенттер үшін жаңа тәжірибе алаңы болып, болашақ кәсіби жолдарына бағыт берері сөзсіз.

#Білім – бірге бөліскенде артады!

Ашық сабақ «Талдаушы» үйірмесі аясында, оқытушы Кыздарбекова Асет Садвакасовнаның жетекшілігімен өтті.