Жасанды интеллект:тіл үйренудегі тиімді тәсілдерFarabi University

Жасанды интеллект:тіл үйренудегі тиімді тәсілдер

21 сәуір, 2025

Қазақ ұлттық университетінің академиялық сая­са­тын­да көрсетілген ЖИ технологияларын білім беру ісіне ен­гізу туралы ережесіне сай, шығыстану факультеті Араб­тану орталығы мен ТШжОА кафедрасы арабтану бө­­лі­мінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектіні араб тілін үйретуде қолданудың тиімді тәсілдері» атты 10 күндік халықаралық ғылыми семинар болып өтті. Семинар тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында жоспарланған іс-шаралардың бірі.

Ғылыми семинар Египет Араб Республикасы (ЕАР) Білім министрлігі Ғылыми зерттеулер және ақпараттық технология академиясы, Әл-Азһар уни­вер­ситеті шариғат және құқық фа­куль­тетімен (ЕАР Каир) бірлесіп ұйымдастырылды.

Шығыстану факультеті жа­нын­дағы Арабтану орта­лы­ғы­ның директоры Б.Жұбатова қа­зіргі цифрлық кеңістік әле­мін­дегі жасанды интеллектінің ғылыми зерттеулер мен білім берудегі басымдықтарын, әсі­ре­се шет тілін үйретудегі рөлін ерекше атап өтіп, халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр­ған ғылыми семинардың өзек­тілігі мен маңызына тоқ­талды.

Ғылыми семинардың мақ­са­ты – жаһандану дәуірінде шет тілін үйренудегі жасанды ин­тел­лектіні қолданудың тиімді тәсілдерін, теориялық және прак­тикалық маңызын ай­қын­дау, шетелдік тәжірибемен бө­лісу. Сондай-ақ ЖОО бағ­дар­ламаларына енгізудің оңтайлы жол­дарын айқындауға ба­ғыт­талған.

Ғылыми семинар спи­кер­лері аталған академияның ақ­па­раттық және мәдени ақ­па­раттар тарату бөлімінің бас директоры, профессор Абул Футух Юнус Сабри (ЕАР Каир) және Әл-Азһар университеті ша­риғат және құқық фа­куль­тетінің (ЕАР Каир) профессоры, PhD Амани Махмуди сынды бі­лікті мамандар болды.

Профессор Абулфутух Са­бри Юнус ЖИ-дің жалпы шет тіл­дерін үйренудегі ортақ мүм­кіндіктері мен араб тілін үй­ре­нудегі өзіндік ерекшеліктерін атап өтті. Сонымен бірге Египет Араб Республикасы ЖОО-ла­рын­дағы білім беру ісінде ЖИ-ді қолдану тәжірибелерімен бө­лісіп, тіл үйренушілерге жа­санды интеллектіні пай­да­ла­ну­дың негізгі жолдарына мо­биль­ді қосымшалар, интернет ре­сурстары мен онлайн плат­формалар кіретінін айтты. Тіл үйренуде ЖИ не үшін қажет, ЖИ мен адам интеллектісін са­лыс­тыру қаншалықты маңызды сын­ды сұрақтар мазаласа, Әл-Азһар университетінің про­фес­соры Амани Махмуди араб тіл білімі ғылымындағы ғылыми тер­миндерді зерттеуде, тер­мин­дік, лексикалық мағы­на­ла­рын түсінуде жасанды ин­тел­­лект техноло­гия­ла­ры­ның мүм­­кіндіктерін меңгеру ар­­қы­лы білім беру саласына ен­гізудің жолдары, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Ғылыми семинарға ҚазҰУ шы­ғыстану факультеті ТШжОА ка­федрасы арабтану бөлімінің, философия және саясаттану факультеті ОПҚ және білім алу­шылары, сондай-ақ Нұр-Мү­ба­рак университетінің студент­те­рі қатысты.

Семинар соңында қаты­су­шыларға сертификат берілді.

Айдынгүл ХАВАН,

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің меңгерушісі