
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен ертең – студентпін» атты көшбасшылық дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты – тыңдаушыларды болашақ студенттік өмірге бейімдеу, мотивация беру және тәжірибемен бөлісу. Көшбасшылық дәріске осы кафедрада білім алып, кейін университет студенті атанған түлектер арнайы шақырылды.
Қонақтар студенттік кезеңнің қызығы мен қиындықтары жайлы жан-жақты айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушылар мен студенттер арасында ашық пікір алмасу жүріп, қызықты сұхбат өрбіді.
Бұл дәріс тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың болашаққа деген сенімі мен ынтасын арттыра түсті.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025