«Сот лингвистикалық сараптамасы және оның маңыздылығы»Farabi University

«Сот лингвистикалық сараптамасы және оның маңыздылығы»

2 сәуір, 2025

2025 жылдың  2 сәуірінде А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының магистранттары мен кураторларынң ұйымдастыруымен  «Сот лингвистикалық сараптамасы және оның маңыздылығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс -шараға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы қонақ ретінде шақырылып, студенттерге сот лингвистикалық сараптамасының заң және құқықтану салаларындағы рөлі туралы мағлұмат берді. Іс-шара барысында нақты сот істерінен мысалдар қарастырылып, сараптамалық талдау жүргізілді. Қонаққа алғыс білдіріліп, студенттер Kahoot ойыны арқылы білімдерін бекітті. 
Тәрбиелік іс-шара өз мақсатына жетіп, студенттердің құқықтық және лингвистикалық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.