- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "XVII Оразбаев оқулары" халықаралық конференциясы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "XVII Оразбаев оқулары" халықаралық конференциясы өтті
25 сәуір, 2025
25–26 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ҚР Мемлекеттік орталық музейі және "Алтын-Емел" ұлттық табиғи паркімен бірлесіп, "XVII Оразбаев оқулары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында өткен конференция археология ғылымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми біліммен алмасуға зор үлес қосты.
Іс-шара барысында АҚШ, Ресей, Грузия және Қазақстаннан келген жетекші археолог-ғалымдар ғылыми баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасты. Конференцияның негізгі мақсаты — археологиялық мұраны сақтау, зерттеу әдістерін жетілдіру және археологиядағы жаңа ғылыми бағыттарды дамыту мәселелерін талқылау болды.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025