
Қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттап, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы ұлы махаббат аңызын жас ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ жастарды сүйіспеншілікке, адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Махаббат — ән, махаббат — нұр» атты әдеби-мәдени кеш өтті.
Шара барысында студенттер Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу арасындағы шынайы махаббатты бейнелейтін сахналық қойылымдар ұсынып, өздерінің шығармашылық және актерлік қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, махаббат тақырыбында өткен ән, би және мақал-мәтел сайыстарының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Іс-шараны КН_24(1,2) топтарының 1-курс және КИ_22(1,2,3) топтарының 3-курс студенттері ұйымдастырып, эдвайзер Спабекова Ж.Х. жетекшілік етті.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025