Физика-техникалық факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында "Конденсирленген күй физикасы және наноматериалтану" секциясында үздік баяндамалар ұсынылды, ТДМ 9 және ТДМ 4Farabi University

Физика-техникалық факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында "Конденсирленген күй физикасы және наноматериалтану" секциясында үздік баяндамалар ұсынылды, ТДМ 9 және ТДМ 4

3 сәуір, 2025

2025 жылғы 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасында “Конденсацияланған күй физикасы және наноматериалтану” секциясы бойынша баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ студенттер мен магистранттар белсенді қатысты. Баяндамалар заманауи ғылымның өзекті мәселелерін, атап айтқанда, жаңа материалдар технологиясы мен наноматериалдарды қолдану мүмкіндіктерін қамтыды.

Секция барысында тыңдалған жұмыстарда тұрақты дамудың маңызды бағыттары көрініс тапты. Көптеген баяндамалар БҰҰ-ның мынадай Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкестендірілді:

  • ТДМ 4 — Барлық адамдар үшін инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға мүмкіндіктер жасау;

  • ТДМ 9 — Тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар марапатталды:

3 орын:

  • Dosmukhambetova A.A. – MOLECULAR MODIFICATION FOR CONTACT INTERFACES IN HIGHLY EFFICIENT PEROVSKITE SOLAR CELLS (NPU, Xi’an, China, Al-Farabi KazNU)

  • Kadyrma D.S. – STUDY ON FLUORINE-CONTAINING MOLECULE MODIFIED PEROVSKITE FILMS AND SOLAR CELL PERFORMANCE (NPU, Xi’an, China, Al-Farabi KazNU)

  • Нұрышева А.К. – Гальваношлам бөлшектерінің сипаттамасы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)

2 орын:

  • Имашев Б.К. – Влияние ингибирующего состава на основе органических соединений на степень защиты стальных сплавов нефтепромыслового оборудования от солеотложения (ҚазҰТЗУ – КазНИТУ им. К.И. Сатпаева)

  • Райсов Н.С. – Получение функционально градиентных покрытий на основе NiCrAlY/ZrO₂-Y₂O₃ методом детонационного напыления (ВКУ им. С.Аманжолова)

1 орын:

  • Куандық А.О. – Күн энергиясынан суды ыдырату үшін вольфрам оксидінің жұқа қабықшалары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

Секция нәтижесі бойынша факультетаралық конкурсқа жолдама алған – Куандық Аяулым.

Іс-шара жас ғалымдарға өз ғылыми нәтижелерін көпшілік алдында таныстырып, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Конференция шығармашылық ізденістерге шабыт беріп, ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін берді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктер мен табыс тілейміз!