«Бірлік – елдің тірегі»Farabi University

«Бірлік – елдің тірегі»

30 сәуір, 2025

20-21топ тыңдаушыларымен бірге ТДМ-16 – «Бейбітшілік пен инклюзивті қоғам» бағытын насихаттау аясында ұлтаралық татулықты, бірлік пен ынтымақты дәріптеу мақсатында «Бірлік – елдің тірегі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Жауапты оқытушы: аға оқытушы Н.Амангелді

Іс-шараның мақсаты: Жастардың бойында ұлтаралық келісім мен достық құндылықтарын нығайту, бейбіт өмірдің маңызын ұғындыру, ұлттық мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, білімге құштарлықты арттыру, этномәдени құндылықтарды танып білуге және қоғамдық ынтымақты сақтауға шақыру.

Іс-шара қатысушыларға терең әсер қалдырды. Тыңдаушылар әр ұлттың мәдениетін жақынырақ танып, достық пен бірлікке бастайтын негізгі құндылықтар жөнінде ой түйді. Жастардың арасында ынтымақтастық пен бейбіт өмірге деген ұмтылыс байқалды. ТДМ-16 мақсаты аясында қоғамда татулық пен әлеуметтік әділеттілікке шақыратын нақты іс-шара үлгісі ретінде өтті.