
Абай мұрасын ұлттық корпус қорына енгізу үшін тіл білімінде қыруар шаруалар атқарылуда. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы осы бағытта бірнеше жобалармен жұмыс жасап келеді. Соның бірі – ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі, ғылым комитеті қаржыландыратын «Қазақ поэтикалық корпусы әзірлемесі: Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі» БНҚ бағдарламасы. Жоба жетекшісі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Б. Мадиева. Бұл жоба мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ұлттық құндылықты қолдау мақсатындағы идеяларынан бастау алады.
Басқа жаңалықтар

16 мамыр, 2025

16 мамыр, 2025

16 мамыр, 2025