
Бүгін Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті халқымызды құттықтап: «Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз»- деді.
1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін өте қиын сынақ болды. Оның зардабы көптеген елге ауыр тиді, солардың ішінде Қазақстан да бар.
Қазақ халқы Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер аттанды. Ерлікпен жаумен күресіп көбі қаза тапты. 500-ден астам жауынгеріміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Сабыр Рахимов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Тасқұлов Қаңлыбай, Хиуаз Доспанова және басқа да көптеген қаһармандарымыз өшпес із қалдырды.
Соғыс тек қасірет әкелетінін көрсетті. Ашық аспан, бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз, жастар және келер ұрпақтарымыз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек.
Койтасова Г.А.
Шет тілдер кафедрасы,
Филология факультеті,
ҚазҰУ
ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар


