
Еліміздің президенті Қ.К.Тоқаев әскери шеру басталар алдында сөз сөйлеп, «Ұлы Жеңіс – еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, бүкіл адамзат үшін аса маңызды сабақ» екенін атап өтті. Мемлекет басшысы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, халыққа өз жолдауын жасады. Әскери шеру өткізу – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеу елдік пен бейбіт өмір үшін күрескен батыр бабаларымызды ұлықтау, қан-майданда қаза тапқан боздақтарға тағзым ету азаматтық міндетіміз екенін атапғ өтті.
Сонымен қатар, бұл шеруде еліміздің қарулы күштер бөлімшелері, әскеріміздің техникалық қуаты көрсетілді.
Бұл жөнінде Президент «Әскери шеру – бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсету» екенін де атап өтті.
Ұлы Жеңістің 80-жылдығымен құттықтаған Мемлекет басшысы бұл мейрам сарбаздарымыздың жауынгерлік рухының символына айналғанын айтты.
9 мамыр жеңіс күні ол қайсар рухтың, батырлықтың, Соғыстың ең сұрапыл жылдарында азаттық пен тәуелсіздікті қорғап қалған Отанға деген адалдықтың белгісі ретінде тарихта қалды.
Біз бүгін ардагерлерді ұлықтау арқылы олардың ерлігіне тағзым етіп, бірлік пен сабақтастықтың құндылығын еске аламыз және ел болашағы жастардың жүрегінде елі үшін мақтаныш, оның болашағына деген жауапкершіліктің берік орнауы үшін ата бабаларымыздің ерлік дәстүрін келесі ұрпаққа жеткізу қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі екенін естен шығармауымыз керек.
Филология факультеті, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Баймуратова И.А.
Басқа жаңалықтар


