Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараFarabi University

Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара

6 мамыр, 2025

2025 жылғы 6 мамырда сағат 12.00-де 414 ауд. Биотехнология кафедрасының куратор - профессоры С. Д. Атабаеваның жетекшілігімен "Биотехнология" мамандығының 1 курс студенттері ұйымдастырған Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерде патриоттық, азаматтық жауапкершілік және отан қорғаушыларға  құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасу тарихымен және қазіргі қоғамдағы Отан Қорғаушылар Күнінің маңыздылығымен таныстыру.

Студенттер презентация дайындады. Студенттер 7 Мамыр мерекесінің шығу тарихы туралы айтты. Мереке 1992 жылғы 7 мамырда — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлықпен белгіленді. Бұл күн 2012 жылдан бастап ресми мемлекеттік мереке ретінде танылды. Бұл мереке Егемендіктің және Ұлттық қауіпсіздіктің символдық мәні. Студенттер ҚР Қарулы Күштерінің рөлі мен маңызы, олардың негізгі міндеттері мен Қарулы Күштердің құрылымы туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер халықаралық бітімгершілік миссияларға қатысу мен заманауи жетістіктерді, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі армияның маңыздылығын атап өтті.  Студенттер Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұлғалары мен батырлары туралы айтып, сарбаздардың, офицерлердің, ардагерлердің мысалдарын келтірді. Олар оқу орындарындағы әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін атап өтті. Жастардың тарихи жадыны сақтаудағы және азаматтық жауапкершілікті дамытудағы рөлін атап өтіп, Отан қорғаушыларды құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырды.