Орта Азиядағы экологиялық мәселелер

2025 жылғы 3 маусым күні Филология факультетінің 301-аудиториясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттеріне «Орта Азиядағы экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара Орта Азиядағы экологиялық жағдайдың күрделілігін талдауға және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге арналды.
Сабақ интерактивті сұрақтар мен болжам арқылы басталып, студенттерге экологиялық проблемалар туралы бастапқы түсініктерін ой елегінен өткізуге мүмкіндік берілді. Одан кейін қатысушыларға Арал теңізі туралы қысқаша бейнематериал көрсетіліп, су ресурстарының сарқылуы және оның салдары талқыланды. Студенттер өңірде кездесетін негізгі экологиялық мәселелерді атап, оларды постер түрінде бейнелеп қорғады.
Жұмыс барысында студенттер өз ұсыныстарын да ортаға салып, экологиялық ахуалды жақсарту үшін қандай нақты әрекеттер жасауға болатынын ұсынды. Сабақ соңында қатысушылар Padlet платформасы арқылы қорытынды ойларымен бөлісіп, табиғатты қорғауға жеке жауапкершіліктері туралы пікір білдірді.
Ұйымдастырған: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Нұрланғазықызы Балнұр, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Несипбай Гульдана, «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері
Басқа жаңалықтар


