«Халықтар бірлігі және достық» тақырыбында кураторлық сағат өттіFarabi University

«Халықтар бірлігі және достық» тақырыбында кураторлық сағат өтті

1 мамыр, 2025

2025 жылғы 1 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар бірлігі және достық» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында ұлтаралық татулық пен достықты, бейбітшілік пен келісімді насихаттау. Кураторлық сағат барысында қатысушылар Қазақстандағы этносаралық бірлік үлгісі туралы пікір алмасып, бейнероликтер көрсетілді, тақырыптық презентациялар ұсынылды.

Шараға факультет оқытушылары мен студенттер белсене қатысып, еліміздің басты құндылықтарының бірі – халықтар арасындағы ынтымақ пен сыйластықты дәріптеді.