Жеңістің 80 жылдығына орай «Радиожурналистика» оқу құралы таныстырылды

ҚазҰУ журналистика факультетінде Жеңістің 80 жылдығына орай «Радиожурналистика» ұжымдық оқу құралының электрондық нұсқасы таныстырылды. Ұжымдық еңбекте радио ісінің II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы елдің тыныс-тіршілігіндегі маңызды рөлі сипатталған. Іс- шараға факультет оқытушылары, білім алушылар мен масс медиа өкілдері қатысты. Таныстырылым барысында қатысушылар оқу құралының құрылымы, мазмұны және қолдану мүмкіндігімен танысып, авторлармен еркін пікір алмасты.
Заманында бүкілодақтық және жергілікті радионың шығармашылық пен техникалық қызметкерлері еңбегі соғыс жағдайында өмір сүрген халықтың ерен ерлігінің көрінісі болды. Оның тарихын Совинформбюроның баяндамаларынсыз, «Соңғы сағат», «Майданға хаттар» және «Майдан хаттары» сияқты хабарларынсыз елестету мүмкін емес. Радио соғыс жағдайында дүниежүзі халқын хабардар етудің негізгі құралы болды. Ұжымдық оқу құралы соғыс жылдарындағы отандық радиожурналистика мен радиохабар таратудың ерекшеліктерін баяндайды, - дейді журналистика факультеті деканы Қанат Әуесбай.
Радиожурналистика саласының теориясы мен практикасын қамтитын оқу құралы болашақ журналистер үшін маңызды әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Жобаны жинақтаған журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рахима Нуриден. Кітапқа радиожурналистика саласы зерттеуші - С. Козыбаев, Н.Омашев, К.Қабылғазина, Р. Нуриден, М.Мукашева, О. Ошанова, А.Дүйшекеева, Н. Тілекеева сияқты қазақстандық және қырғызстандық ғалымдардың еңбектері топтастырылды. Басылым журналистика факультеттері мен кафедраларының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ отандық радиохабар тарату тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.
Басқа жаңалықтар

