Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры дәріс оқыдыFarabi University

Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры дәріс оқыды

4 сәуір, 2025

Физика-математика ғылымдарының докторы, Өзбекстанның Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры Артықбаев Абдуллаазиз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары алдында қонақ дәрісін оқыды. Іс-шара 04.04.2025 күні өтті.

Қонақ дәрісі аясында ол көптүрліліктердегі геометрияны проективтік метрикалары бар кеңістіктегі геометрия ретінде интерпретациялау саласындағы зерттеу нәтижелерін таныстырды. Профессор проективтік метрикалар ұғымын, олардың классикалық дифференциалдық геометриямен байланысын және математикалық модельдеудегі ықтимал қолдану салаларын жан-жақты қарастырды. Ол проективтік құрылымдардың инварианттарымен байланысты іргелі мәселелерге және бұл тәсілді қазіргі заманғы математикалық физика мен геометриялық талдауда қолдану перспективаларына ерекше назар аударды.

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы