ҚазҰУ-да "Топологиялық кеңістік" тақырыбында дәріс өттіFarabi University

ҚазҰУ-да "Топологиялық кеңістік" тақырыбында дәріс өтті

8 мамыр, 2025

2025 жылғы 8 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде Функционалдық талдау пәні бойынша "Топологиялық кеңістік" тақырыбында ашық дәріс өткізілді.

Дәрісті Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне қарасты Математика оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы С. Таңирбергенов жүргізді.

Аталған дәріске Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының тыңдаушылары мен Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер топологиялық кеңістіктің теориялық негіздерімен, оның функционалдық талдаудағы рөлімен және қолдану аяларымен танысты. Дәріс мазмұны терең, тәжірибеге бағытталған және тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Мұндай шаралар университетаралық ынтымақтастықты арттырып, болашақ мамандардың кәсіби білімін тереңдетуге ықпал етеді.

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы