ҚазҰУ-да доға ұзындығын есептеу тақырыбында дәріс өттіFarabi University

ҚазҰУ-да доға ұзындығын есептеу тақырыбында дәріс өтті

8 мамыр, 2025

2025 жылғы 8 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде Математикалық талдау пәні бойынша "Доға ұзындығын есептеу. Доға ұзындығын дифференциалдау" тақырыбында дәріс өтті.

Дәрісті Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультеті, Математика оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Б. Пренов жүргізді.

Аталған дәріске Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының тыңдаушылары мен Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының студенттері қатысты. Дәріс барысында доға ұзындығын есептеу әдістері, оның теориялық негіздері және дифференциалдау тәсілдері жан-жақты қарастырылып, нақты мысалдармен түсіндірілді.

Іс-шара қатысушылардың пәндік білімін тереңдетуге, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Мұндай дәрістер университетаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы