ҚазҰУ жас ғалымы жоғары марапатқа ие болдыFarabi University

ҚазҰУ жас ғалымы жоғары марапатқа ие болды

15 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Жоламан Мақтағалиұлы Бектемесов ректор атынан "Үздік жас ғалым" құрмет грамотасымен марапатталды! Бұл мәртебелі марапат – жоғары ғылыми жетістіктердің, үздіксіз ізденістің және ғылымға деген адалдықтың айқын дәлелі. Жас ғалымның еңбегі – еліміздің ғылым саласына қосқан қомақты үлес және келешек ұрпақ үшін шабыт көзі. Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ұжымы өз әріптесінің бұл үлкен жетістігін зор қуанышпен қабылдап, алдағы ғылыми қызметінде жаңа белестерді бағындырып, ел дамуына сүбелі үлес қоса беретініне сенім білдіреді. Ғылым жолындағы әрбір қадам – болашаққа бағытталған үлкен үлес.


Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты