
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ҚазҰУ студиясы» жобасының келесі шығарылымы Механика-математика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен өтті. Жобаның қонағы ретінде «PLS» шет тілдер мектебінің негізін қалаушы, 10 тілді жеттік меңгерген полиглот Ақтоты Асанова шақырылды. Сұхбат форматындағы кеш бейресми, еркін, шынайы атмосферада өтті. Ақтоты ханымның мағыналы да мәнерлі сөзінен студенттер тіл үйренудің тек грамматика мен сөз жаттау ғана емес, басқа ел мәдениетімен, жаңа адамдармен, ерекше ойлау жүйесімен танысу екенін түсінді. Кездесу барысында қонақпен ойын ойнатылып, оған көрермендер белсенді араласты. Өз кезегінде көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға Ақтоты ханым шынайы, нақты, әрі мотивация беретін жауаптар қайтарды. Әсіресе, тіл үйренудегі қиындықтар мен оларды қалай жеңу керектігі туралы айтқан кеңестері ерекше болды. Ол өз тәжірибесі арқылы, егер шыдамдылықпен, ынтамен үйренсе, кез келген студенттің бірнеше тілді меңгере алатынын дәлелдеді. Кеш барысында көптеген инсайттар айтылып, тек тіл үйрену ғана емес, өзіңе деген сенімділікті арттыру, уақытыңды тиімді пайдалану және тұрақты дамуға ұмтылу туралы да әңгімелер қозғалды.
Есептеу ғылымдары және статистика Кафедрасы
Басқа жаңалықтар

