Байқаулардың қорытынды марапаттау кешіFarabi University

Байқаулардың қорытынды марапаттау кеші

10 сәуір, 2025

ЕҒжС кафедрасының аға оқытушысы Әбенов Б.Қ. мехматтың Жастар ұйымдары пәрменді студенттерімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік студент - 2025», «Ең үздік студенттік топ – 2025», «Ең үздік эдвайзер – 2025» байқауларының қорытынды марапаттау кешіне қатысып, факультет атынан қатысқан жүлдегерлерге үлкен қолдау көрсетіп қайттық. Байқау нәтижелері бойынша факультетатынан байқауға қатысқан келесі студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың атынан «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік студент – 2025» байқауына белсене қатысқан механика-математика факультетінің 1-курс студенті Бауыржан Бибінұр алғыс хат иеленсе, «Ең үздік студент – 025» байқауына белсене қатысқан 2-курс студенті Кәкен Ерасыл мен «Ең үздік студенттік топ – 025» байқауына белсене қатысқан «Ғылыми математика 23-1» тобы ІІ орын иеленіп, көрермен көзайымы аталымымен марапатталып, 2 шәкіртақы көлеміндегі сыйақылар алды.

Есептеу ғылымдары және статистика Кафедрасы