- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ұлттық ботаникалық бақтарының экологиялық маңызы: Ботаникалық бақтың флоралық әртүрлілігі мен олардың білім беру және ғылыми зерттеу қызметіндегі орны
Қазақстанның ұлттық ботаникалық бақтарының экологиялық маңызы: Ботаникалық бақтың флоралық әртүрлілігі мен олардың білім беру және ғылыми зерттеу қызметіндегі орны

Іс-шараның мақсаты: Студенттерге ботаникалық бақтың флоралық әртүрлілігі мен экологиялық маңызын таныстыру, олардың табиғатпен байланысын тереңдету, экологиялық білімдерін арттыру және ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту.
Сәуір айында студенттерді Алматы қаласындағы Бас ботаникалық баққа апардық Іс-шара барысында студенттер ботаникалық бақтың түрлі аймақтарындағы өсімдіктердің алуан түрлілігін көріп, әрбір түрдің экологиядағы рөлі мен маңызын түсінуге тырысты. Олар флоралық коллекцияларды зерттеп, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, студенттерге ботаникалық бақта жүргізілетін ғылыми зерттеулердің маңыздылығы, өсімдіктердің тіркелімі мен экологиялық мониторинг туралы да түсінік берілді. Бұл іс-шара студенттерге экологиялық сауаттылықты арттыруға және табиғатты қорғау қажеттілігі туралы ойлануға көмектесті, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар


