- Басты бет
- Асханалар желісі
- ҚазҰУ студенттеріне әлеуметтік қолдау: тегін тамақтану талондары жыл бойы таратылды
ҚазҰУ студенттеріне әлеуметтік қолдау: тегін тамақтану талондары жыл бойы таратылды
.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алушылардың әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударылады. Университет басшылығы студенттердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, оқу ордамызда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, денсаулығына байланысты І, ІІ, ІІІ топқа жататын мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға, сондай-ақ оқуда үздік, университеттің қоғамдық өмірінде белсенді, түрлі сайыстар мен жобаларда жоғары нәтиже көрсетіп, угиверситет беделін арттырып жүрген білім алушыларға тегін бір реттік тамақтану талондары үлестіріледі.
2024–2025 оқу жылы барысында аталған қолдау шарасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылды:
- Қазан-қараша айларында – 250 студентке
- Ақпан айында – 30 студентке
- Наурыз айында – 70 студентке
- Сәуір айында – 200 студентке
Жылдық қорытынды бойынша барлығы 550 білім алушыға тегін бір реттік тамақтану талондары табысталды.Талондар студенттердің күнделікті қажеттіліктерін өтеуге ықпал етіп, олардың әлеуметтік жүктемесін жеңілдетуге бағытталған. ҚазҰУ алдағы уақытта да жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бағытындағы игі шараларды жалғастыра бермек.
Басқа жаңалықтар
.jpeg)

