Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай елінің “Shenyang Institute of Automation” институтынан робототехника және автоматтандыру бөлімінің ғалымдары келдіFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай елінің “Shenyang Institute of Automation” институтынан робототехника және автоматтандыру бөлімінің ғалымдары келді

15 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай елінің “Shenyang Institute of Automation” институтынан робототехника және автоматтандыру бөлімінің ғалымдары Yifeng Song (Xining, Qinghai, Professor, Senior), Yong Chang (Xiuyan, Liaoning, Associate Professor, Associate Senior) және Chen Liang (Fushun, Liaoning, Engineer, Intermediate) келді.

Университетімізде орналасқан Farabi Hub және Robotics Industry 5.0 орталықтарын көрсетіп, жасалынып жатқан ғылыми жобаларымызбен, студенттер мен жас зерттеушілердің стартап бастамаларымен таныстырып шықтық. Қонақтар орталықтағы зертханалық құрал-жабдықтарды, интеллектуалды жүйелерді және автономды роботтардың жұмыс процесін ерекше қызығушылықпен бақылап, өз тараптарынан оң бағасын берді.

Профессор Yifeng Song болашақта ортақ зерттеу жобалары арқылы екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өкілдері Қытайлық серіктестермен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) аясында “Сапалы білім беру” (ЦУР 4), “Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым” (ЦУР 9), және “Серіктестік мақсаттарға қол жеткізу үшін” (ЦУР 17) бағыттарына толық сәйкес келеді.
 

Ахметова Балжан Ибрагимқызы