Талапкерлерге кәсіби бағдар беру шарасы өттіFarabi University

Талапкерлерге кәсіби бағдар беру шарасы өтті

16 мамыр, 2025

 

2025 жылдың 25 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен “Ашық есік” күні өтті.

Іс-шараны факультет деканы Қанат Әуесбай ашып, болашақ талапкерлерге мамандық таңдау ісінде сәттілік тіледі. Шараға Алматы қаласындағы түрлі мектептерден, оның ішінде №133 мектептен 40-тан астам 11-сынып оқушысы келді, сонымен қатар Қаскелен қаласындағы №3 мектеп-интернаттың білім алушылары қатысты.

Кафедра меңгерушісі Орынтай Жаңабайқызы “Халықаралық журналистика” және “Қоғаммен байланыс” мамандықтарының артықшылықтары және шығармашылық емтихандар туралы ақпараттармен бөлісіп және түлектерге мамандық таңдауға қатысты кеңестер берді.

Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды және оларға “Халықаралық журналистика” білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері музыкалық сәлемдеме жолдады. Кездесу барысында белсенді болған, өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға “ТҮРКСОЙ” медиа білім беру және зерттеу орталығы атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Оқушылар кездесуден соң университет мұражайына барып, әрі “Фараби” қалашығын аралады.  

 

 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы