- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Оксфорд университетінің нейробиологының қатысуымен ғылыми семинар өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Оксфорд университетінің нейробиологының қатысуымен ғылыми семинар өтті
12 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Оксфорд университетінің постдокторант-ғалымы, нейробиолог Рафаэль Сарнатароның қатысуымен ғылыми семинар өтті. Іс-шараны ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы ұйымдастырды. Семинарға нейроғылым мен молекулалық биология салаларындағы заманауи жетістіктерге қызығушылық танытатын студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Доктор Рафаэль Сарнатаро әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінің физиология, анатомия және генетика кафедрасында жұмыс істейді. Оның ғылыми зерттеулері ұйқыны реттейтін молекулалық және жасушалық механизмдерді зерттеуге бағытталған. Семинар барысында ол «Mitochondrial origins of the pressure to sleep» («Ұйқыға деген қажеттіліктің митохондриялық бастауы») тақырыбында баяндама жасап, ұйқыға деген қажеттіліктің қалыптасуындағы митохондриялардың рөлі туралы өз зерттеулерін таныстырды.
Семинар ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының 409-конференц-залында сағат 12:00-де өтті. Ғылыми пікір алмасу аясында қатысушылар баяндамаға қатысты сұрақтарын қойып, зерттеудің негізгі аспектілерін талқылап, нейробиология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы ұйымдастыратын осындай іс-шаралар Қазақстан ғылымының әлемдік ғылыми қауымдастықпен ықпалдасуына және академиялық байланыстардың нығаюына ықпал етіп қана қоймай, студенттер мен жас зерттеушілердің кәсіби дамуына кең мүмкіндіктер ашады.
Басқа жаңалықтар


