Жеңіс Айкерім таэквондодан XIII жазғы Универсиадада екінші орын алдыFarabi University

Жеңіс Айкерім таэквондодан XIII жазғы Универсиадада екінші орын алды

19 мамыр, 2025

Жеңіс Айкерімді спорттағы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті, "Спорт, спорттық-сауықтыру технологиялары және фитнес" мамандығы бойынша білім алып жүрген Айкерім таэквондодан Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиадасында жүлделі екінші орынды иеленді.

Бұл – болашағынан зор үміт күттіретін спортшы үшін үлкен жетістік әрі оның талантының, еңбекқорлығы мен жоғары нәтижелерге ұмтылысының айқын дәлелі. Айкерім оқуын енді ғана бастағанына қарамастан, өзін табанды әрі құрметке лайықты спортшы ретінде көрсете білді.

Айкерімге алдағы уақытта да толағай табыстар, спорттық жетістіктер мен республикалық және халықаралық ареналарда жаңа жеңістер тілейміз!