ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтының өкілімен кездесу өтті. ТДМ 9 және ТДМ 17Farabi University

ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтының өкілімен кездесу өтті. ТДМ 9 және ТДМ 17

19 мамыр, 2025

2025 жылғы 17 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Өзбекстан Республикасындағы Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтының физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шароф Рахимовпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде ҚазҰУ физика-техникалық факультетін факультет деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы таныстырды. Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

1930 жылы құрылған Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты — Өзбекстандағы жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі. Институт педагогика, психология және білім беру саласының басқа да бағыттары бойынша бакалавриат және магистратура деңгейінде мамандар даярлайды. Қазіргі таңда оқу орнында 12 000-нан астам студент білім алады, ал профессор-оқытушылар құрамы шамамен 400 оқытушыдан тұрады (buxdpi.uz).

Кездесу аясында келесі бағыттарда ынтымақтастық мәселелері талқыланды:

  • Физика саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды жүзеге асыру;
  • Халықаралық гранттық бағдарламаларға, соның ішінде ШЫҰ шеңберіндегі жобаларға қатысу.

Кездесу барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді:

  • ТДМ 9 – Тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыру мен инновацияны дамыту;
  • ТДМ 17 – Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жаһандық әріптестікті нығайту.

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті аймақтағы жетекші университеттермен байланыстарды нығайта отырып, жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялану мақсатында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.