Физика-техникалық факультеті Horizon Europe бағдарламасының 5-кластері бойынша Аймақтық ақпараттық күнінде ұсынылды: ЕО мен Орталық Азия арасындағы тұрақты ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі. ТДМ 9 және ТДМ 17Farabi University

Физика-техникалық факультеті Horizon Europe бағдарламасының 5-кластері бойынша Аймақтық ақпараттық күнінде ұсынылды: ЕО мен Орталық Азия арасындағы тұрақты ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі. ТДМ 9 және ТДМ 17

20 мамыр, 2025

2025 жылғы 20 мамырда Алматы қаласындағы Satbayev University университетінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын SECCA жобасының ұйымдастыруымен, «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауымен және Қазақстан университеттерімен бірлесе отырып, Horizon Europe бағдарламасының 5-кластері бойынша Аймақтық ақпараттық күні өтті. Іс-шара Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Іс-шарада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетін ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары таныстырып, жоғары оқу орындарына арналған питч-сессияда сөз сөйлеп, факультеттің ғылыми әлеуетін, басым зерттеу бағыттарын және Horizon Europe бағдарламасы аясындағы халықаралық консорциумдарға қатысуға дайындығын таныстырды.

Өз баяндамасында спикер факультеттің 5-кластер аясындағы (Климат, энергетика және көлік) келесі басым бағыттарына назар аударды:

  • тұрақты және интеллектуалды энергетика;

  • «жасыл» технологиялар үшін жаңа наноматериалдарды әзірлеу;

  • энергетика мен өнеркәсіп инфрақұрылымын цифрландыру;

  • ядролық, термоядролық энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларында зерттеу құзыреттерін дамыту.

Horizon Europe – жалпы бюджеті 95,5 млрд еуроны құрайтын Еуропалық Одақтың ғылым мен инновациялар саласындағы ең ірі бағдарламаcы. Шара барысында қатысушылар өтінім беру, серіктестерді табу және ұлттық байланыс нүктелері желісін пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар алды. Сондай-ақ, Еуропалық комиссияның және ЕО мен Орталық Азия елдерінің 5-кластер бойынша ұлттық байланыс тұлғаларының баяндамалары тыңдалды.

Физика-техникалық факультеттің аталған халықаралық форумға қатысуы ҚазҰУ-дың жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялану және халықаралық серіктестікті кеңейту қағидаттарына берік екенін көрсетеді.

Бұл іс-шара сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге ықпал етті:

  • ТДМ 9 – Тұрақты инфрақұрылым, индустрияландыру және инновациялар дамыту;

  • ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсатында жаһандық әріптестікті нығайту.

Физика-техникалық факультет халықаралық бастамаларды белсенді түрде дамытып, университеттің Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді, ЕО-ның жаһандық бағдарламалары аясында стратегиялық серіктестікке және шекарааралық ынтымақтастыққа ашық.