
2025 жылғы 19 мамыр күні механика-математика факультетінде жас ғалымдармен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – студенттерді ғылымға, ізденіске және зерттеу жұмыстарына ерте кезеңнен бастап баулу, ғылыми бағыт-бағдар беру, сондай-ақ жас зерттеушілердің тәжірибесімен бөлісу болды. Іс-шара барысында студенттер ғылыми бағыттағы мотивация мен тәжірибелік кеңестер алды. Бұл кездесу жастардың білімге, зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Аталған шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ішінде: 4-мақсат: Сапалы білім бағытына сай жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушы: Механика-математика факультеті
Иманбердиев Канжарбек,
Математика кафедрасының меңгерушісі
Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар

