“Қош бол, қайта кездескенше!”Farabi University

“Қош бол, қайта кездескенше!”

23 мамыр, 2025

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қыркүйек айынан бері шетелден келіп, қазақ және орыс тілдерін оқыған шетелдік студенттермен қоштасу қорытынды концертін өткізді. Концерт “Қош бол, қайта кездескенше!” деп аталады. Бұл концерт бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Шетелдік студенттер өздері үйренген қазақ және орыс тілдерінде ән шырқап, белгілі ақындардың өлеңдерінен үзінді оқып, мың бұрала би де биледі. Бір сағаттан артық уақытқа созылған концерт оқытушылар мен студенттердің көңілінен шықты.