Айқын

12 ақпан, 2016

Өз елінің отаншыл азаматы болуға ұмтылатын мамандар дайындау керек

Айқын: 08.02.2016

Салтанбек МҰХАМБЕТЖАНОВ, физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР ҰИА-ның корреспондент-мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дифференциалдық теңдеулер мен басқару теориясы кафедрасының меңгерушісі:

– Саке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Диф­ференциалдық теңдеулер мен басқару теориясы кафедрасының тарихы 1946 жылдан басталады. Әңгімемізді ең әуелі осы жағынан бастасақ?

– Кафедраға әртүрлі қысқа уақытта ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшелері Т.Аманов, Т.Каль­менов, профессорлар Ж.Сүлейменов, Ш.Сма­ғұлов, Ж.Мырзалиев және ұзағырақ Қ.Қа­сымов меңгеруші болды. Қазақстан мате­мати­ка­сының дамуына, оның дифференциалдық теңдеу­лер мен анализ есептерінің жуық шешімдерін табу саласында жетістіктерге жетуіне өзіндік үлес қос­қан белгілі ғалым – ҚР ҰҒА-ның академигі Құл­жабай Қасымов. Құлжабай Әбді­халықұлының нә­ти­желері дифференциалдық тең­деулердің асим­п­то­тикалық, интеграл-диф­ферен­­циалдық теңдеулердің және жоғарғы ретті сингулярлы ауытқыған жай және дербес туындылы дифферен­циалдық теңдеулер теорияларына қатысты. Мате­матика ғылымын дамыту бағытында белсенді жұ­мыс iстеген Құлжабай Әбдіқалықұлы 50-ден астам ғылым кандидатын дайындады. 1988-1991 жылда­ры Қ.Қасымов әл-Фараби атын­дағы Қазақ ҰУ-дың математикалық физика тең­деулері кафедрасын, ал ол кафедра дифферен­циалдық теңдеулер кафедра­сымен қосылғаннан кейін 1992 жылдан 2005 жылға дейін дифферен­циалдық теңдеулер және матема­тикалық физика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

– Құлжабай Әбдіхалықұлының еңбектерін жалғастырушылар бар ма, өзіңізден басқа?

– 2005-2011 жылдары дифференциалдық тең­деулер және математикалық физика кафедрасының меңгерушісі болып Қ.Қасымовтың оқушысы Мұратхан Құдайбергенұлы жұмыс істеді. Мұратхан Дауылбаев 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қол­данбалы математика факультетін қолданбалы ма­тематика мамандығы бойынша бітірді.1979-1988 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы талдау кафедрасында аға инженер ассистенті, дифференциалдық тең­деулер және математикалық физика кафедрасында ассистент, аға-оқытушы, доцент, профессор қыз­мет­терін атқарды. М.Дауылбаев механика-мате­матика факультетінде дифференциалдық теңдеулер сықылды іргелік пәндермен қатар ғылыми бағыты бойынша арнаулы курстардан қазақ және орыс тілінде дәрістер оқиды. М.Дауылбаев – 4 оқу құралының және 60-тан астам ғылыми жұмыстың авторы. Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың физика-математика ғылымының докторы ғылыми дәрежесі қорғалатын Д14А.02.15 диссертациялық кеңесінің мүшесі болған. ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының 2007 жылғы иегері.

– Сіз 2011 жылдан дифференциалдық теңдеу­лер және басқару теориясы кафедрасының меңгеру­шісі болып физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженер­лік академиясының корреспондент-мүшесі, Халық­ара­лық ақпараттану академиясының академигі атан­дыңыз және кафедраны басқарып келесіз. Уни­­вер­си­тетте оқыған кезіңізде-ақ, ғылымға ын­таңыз, ғы­лы­ми-зерттеулер жүргізуге қабілетіңіздің молды­ғын көрсетіпсіз. Жалпы, ғылымдағы қызмет жолыңыз қалай басталды?

– 1986-1991 жылдар арасында Ленин комсо­молы атындағы Новосібір мемлекеттік универ­ситетінде әуелі тәлімгер-зерттеуші, содан кейін Ресей ҒА-ның академигі В.Монаховтың және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Мейірмановтың ғылыми жетекші­лік етуімен университет аспирантурасына түстім. Ол 1993 жылы «Корректность математических моде­лей фазовых переходов с релаксацией» тақы­ры­бында кандидаттық диссертация қорғадым. 1993 жылы академик Б.Жұмағұловтың шақыруы бо­йын­ша Ұлттық инженерлік академиясының ғы­лыми-инженерлік, ақпараттық-есептеу орталы­ғына бас қызметкер болып қабылдандым. Бұл қызметте жүргенде Б.Жұмағұлов, В.Монахов және Ш.Смағұловтардың ғылыми жетекшілігі­мен ҚР мұнай мен газ кен көздерінде дайындыққа зерттеу үшін автоматтандырылған жүйе жасау жұмысымен айналыстым. Бұл бағыттағы іргелі және қолданыс табатын зерттеулер осы кезге дейін жүргізіліп, қарқынды дамуда. 1997-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінде есептеу және қолданбалы математика кафедра­сында аға оқытушы, механика-математика факультеті дека­нының орынбасары, докторантура­да болдым. 2006-2010 жылдары Абай атындағы Қазақ педаго­гикалық университетінің математика­лық талдау, алгебра және геометрия, информатика және қол­данбалы математика кафедраларының меңгерушісі болып қызмет атқардым. 2007 жылы ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының акаде­миктері Ш.Сма­ғұлов және Н.Данаевтың жетек­шілігімен «Масса алмасуды ескеретін фильтрация теориясының есептерін жуықтап шешу әдістері» тақырыбында докторлық диссертация қорғадым.

– Салтанбек Талапеденұлы, сіздің математикалық пішіндеу, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясы салаларынан білікті, жетекші маман болып саналатыныңызды осы салада еңбек­теніп жүрген ғалымдар мақтанышпен айтады. ҚР БжҒМ-ның мұнай-газ саласы мәселелерін шешу үшін жасалып жатқан компьютерлік технология мен бағдарланған өнім жобаларының ғылыми жетекшісі де болдыңыз. Ғылыми-зерттеу бағытыңыз қандай?

– Қарастырылу облысының шекарасы еркін болатын жағдайдағы математикалық физика есеп­терін жуықтап шешу, мұнай өңдіру саласының есептеріне іргелік және практикалық зерттеулер жүргізу, бұрғылау зонасы маңайының қабатындағы сүзгіштік үдерістің сұлбасы, Стефан және Вери­гиндік топтарға жататын есептерді шешудің сан­дық әдістері т.б. салалар. Оның ғылыми жағынан өркендеп өсуіне себеп болған физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Мейір­ма­нов­тың еңбегі аса зор.

Ғылыми конференцияларда осы саладағы же­тіс­тіктерді баяндап, талдауға салу жұмыстарын үз­бей орындадық. Мадрид қаласында, Абу Даби уни­­верситетінде, Новосібір, Барнауыл, Бийск және Таулы Алтай қалаларының университеттерін­де өткен халықаралық конференциялардың ұйым­дастыру комитеттерінде болып және оларды өт­кізуге белсене атсалыстым. Жыл сайын ғылыми сала­дағы деңгейім көтеріліп, мақалалар, моно­графия, оқу құралдары сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да өсті. Шетел журналдарында басылған­дары да бар. Жалпы, математика мамандарын дайындау ісі математикалық пішіндеу, инфор­матика, қолданбалы математика мамандықтарын дайындаумен тығыз байланыста өтіп жатыр. Менің ғылыми жетекшілік етуіммен «дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика», «математи­калық пішіндеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешендері» және «есептеуіш математика» маман­дықтары бойынша 16 аспирант кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында шәкірттерім жемісті еңбек етіп жүр.

Механика-математика факультетінің ашылуы­на келесі жылы 55 жыл толады, ал биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың 80 жылдық мерей­лі тойы. Осыған байланысты кафедра ұжымы Елбасы Жолдауының негізінде төмендегі міндет­терді алға қойып отыр:

1. Факультетте қазақстандық математика ғылы­мы­ның болашағы үшін аянбай еңбек еткен ға­лым­дар қызмет етті. Сол еңбектің нәтижесінде, Қа­зақ­стан математикасы мен факультеттің жетістіктері халықаралық деңгейге жетті.

2. Республикада математикалық орталық болып университеттің математика факультеті саналды. Сондықтан одақ көлемінде, шетелдерде танылу үшін олардың негізгі математикалық орталық­тары­мен тығыз байланыс жасау керек. Сол ор­талықтарда математик жастарды оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, өздерінің ғылыми атақтарын алуына қызмет жасау, білімдерін мойындату керек болды. Одан қазақстандық математиктер мүдірмей елеулі жетістіктерге жетті.

3. Математика саласында жаңадан өрбіп келе жатқан ғылымдарды тез игеріп, оларды оқу үде­рі­сіне енгізу факультеттің негізгі мақсатының бірі.

4. Факультеттің қазіргі мүмкіндігін бұрынғы кез­дегімен салыстыруға болмайды. Студенттердің оқу-үдерісін игеріп қана қоймай, оқу-зерттемелік, ғылыми-зерттемелік жұмыстар жасауына кеңінен жағдай жасалған. Тек олардың біразының көзқа­расы бұл салаға салқындау. Студенттер жұмысты беріле істеуге толығымен мүдделі деп айта алмай­мыз. Сондықтан оқу үдерісіндегі білімді бағалау жұмысын жетілдіру керек сияқты.

5. Тәрбие жұмысында өзіміздің ежелден келе жатқан халық педагогикасына арқа сүйеу қажет. Білімді орнықты және сапалы түрде алуға тыры­сатын, болашақта өз елінің елеулі азаматы болуға ұмтылатын, «Отанның болашағы үшін барымды салып еңбек етемін» деген ойды бойына сіңірген, сол арманының орындалатынына сенетін маман­дар дайындау керек.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен

Еркін ҚАЛДАН