Қалалық Хакатон: студенттеріміз бен оқытушымыздың қатысуы
20 мамыр, 2025

Қалалық Хакатон: студенттеріміз бен оқытушымыздың қатысуы
🔰 2025 жылғы 20–21 мамыр күндері Алматы политехникалық колледжінде Қалалық «Хакатон» байқауы өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – жастардың техникалық және жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру, инновациялық ойлауын, топпен жұмыс істеу және жобалық дағдыларын дамыту.
📌 Хакатонға Алматы қаласының әртүрлі колледждерінен 26 команда құрамында 98 қатысушы қатысты. Жобаларды кәсіби IT-компания өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.
👩🏫 Қазылар алқасының құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы Абдилдаева Асель Асылбековна болды. Бұл – кафедрамыз үшін үлкен мәртебе!