Орталық музейге саяхатFarabi University
Референдум 15 марта

Орталық музейге саяхат

26 мамыр, 2025

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқу практикасы өтіп жатыр. Оқу практикасы бағдарламасына сай шетелдік тыңдаушыларды қала тарихымен таныстыру мақсатында қала ішінде саяхатқа апарады. Қазақ тілін оқитын №4 топ студенттері өздерінің куратор-эдвайзері филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ә. Машинбаевамен бірге Орталық музейге экскурсияға барды. Студенттер ол жерде Қазақстанның тартхымен танысып, ежелгі тарихтан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысты. Шетелдік тыңдаушыларға орталық музейге жасаған экскурсия өте ұнады.