Қоштасу кешіFarabi University

Қоштасу кеші

28 мамыр, 2025

Бүгін факультетімізде ерекше сәт орын алды. Факультет деканы шетелдік студенттерге оқу жылын аяқтауына бпйланысты арнайы сертификаттар табыстады. Оқу жылы бойы белсенділік танытып келген тыңдаушыларды халықаралық білім мен мәдениеттің амбассадорлары ретінде таныды. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі де оқу үлгерімі жақсы әрі факультеттің қоғамдық іс-шараларына атсалысқан тыңдаушыларға алғыс хат табыстады. 
Қазақ және орыс тілдерінде білім алған бұл студенттер тек білім алып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен дәстүрін тереңірек танып, екі ел арасындағы достықты нығайтуға үлес қосады деген ниеттеміз. Біз олардың алдағы уақытта да білім мен ынтымақтастық көпірі боларына сенеміз.