- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының магистранты Республикалық байқауда III дәрежелі диплом иегері атанды
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының магистранты Республикалық байқауда III дәрежелі диплом иегері атанды
8 мамыр, 2025

2025 жылғы 8 мамырда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының II кезеңінде «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының 1-курс магистранты Джантасова Малика Мадиярқызы жүлделі орынға ие болды.
Малика «Бұрғылау колонналарының сызықтық емес динамикасын математикалық және компьютерлік модельдеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Хаджиева Леля Азретовна.
Магистрантымызды және ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жетістіктерге жете беріңіздер!
Басқа жаңалықтар

16 қазан, 2025

16 қазан, 2025

16 қазан, 2025