ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті ОП аккредитациясынан өтіп, CAAAE агенттігінен ресми сертификаттар алды (ТДМ 4 және ТДМ 9)Farabi University

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті ОП аккредитациясынан өтіп, CAAAE агенттігінен ресми сертификаттар алды (ТДМ 4 және ТДМ 9)

29 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында халықаралық аккредитациядан сәтті өткен білім беру бағдарламаларына ресми сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Іс-шара 303 аудиторияда университеттің бірінші проректоры Дүйсенов Е.Э., факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Бұл маңызды шараға ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті белсене қатысты. Факультет пен кафедра ұжымының сапалы еңбегінің нәтижесінде PhD деңгейіндегі бірқатар білім беру бағдарламалары Орталық Азия білім беру сапасын аккредиттеу қауымдастығының (CAAAE) ресми аккредитациясынан өтіп, арнайы сертификаттармен марапатталды. Бұл бағдарламалар инженерлік, физика-техникалық және ғылыми білім беру бойынша халықаралық талаптарға сай келеді және жаһандық сын-қатерлерге дайын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Аккредитация факультет жүзеге асырып жатқан бағдарламалардың сапасын ғана растап қоймай, сонымен қатар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, халықаралық серіктестікті нығайтуға және жұмыс берушілер мен ғылыми қауымдастық тарапынан сенімділікті арттыруға негіз болады.

Атап өту керек, физика-техникалық факультеттің аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге тікелей үлес қосуда. Атап айтқанда, факультет қызметі мына ТДМ-мен тығыз байланысты:

  • ТДМ 4 – «Сапалы білім», яғни ядролық физика, материалтану, нанотехнология және энергетика салаларында жоғары деңгейлі мамандар даярлау арқылы;

  • ТДМ 9 – «Индустрия, инновация және инфрақұрылым», яғни ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологияларды ілгерілету арқылы.

Физика-техникалық факультет CAAAE агенттігіне бағдарламалар сапасына жоғары баға беріп, мойындағаны үшін алғысын білдіреді. Алынған сертификаттар факультеттің одан әрі дамуына және Қазақстан мен Орталық Азиядағы техникалық білім беру көшбасшысы ретіндегі позициясын нығайтуға серпін береді.