Оқу және өндірістік практикасының ашылу конференциясы

2025 жылдың 26 сәуір күні университетте оқу және өндірістік практикалардың ашылу конференциясы өтті. Конференция барысында жауапты жетекшілер студенттерге практикаға байланысты барлық қажетті ақпаратты ұсынып, өткізу мерзімдері мен талаптарымен таныстырды.
6В01704 – Шет тілі: екі шет тілі және 6В02209 – Түркітану білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттері 2025 жылдың 26 мамыры мен 7 маусымы аралығында оқу практикасын өтеді.
6В02209 – Түркітану білім беру бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс студенттері үшін өндірістік практика 2025 жылдың 26 мамыры мен 14 маусымы аралығында болып өтеді.
Ашылу конференциясы барысында студенттерге практиканың мақсаты, мазмұны, өткізу тәртібі, есеп беру формасы және практика жетекшілерімен байланыс тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары PhD Кудьярова Шолпан Таубаевна және практика жетекшілері: Душаева К.М., Мухатова М.С., Несипбай Г.Б., Карымхан А.А., Нұрланғазықызы Б., Абдуллаева Ф.М., Аширкулов Қ.Б., Қанашаева Г.А., PhD Сұлтанбек Қ.Б.