Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісіFarabi University

Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі

4 маусым, 2025

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысып, жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егеменді еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды күн екенін атап өтті. Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына 30 жыл болып отыр. Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін ежелден және қашанда ерлік пен елдіктің символы саналды. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді.  Арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді.   Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті.  Приезидент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел таңбаларымыздың халқымыз үшін мәні мағынасы зор екенін айта келе Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған  Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі екенін, Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух беретінін, әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялататын, бабаларымыздың орындалған арманы деді. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстаймыз!

Баймуратова И.А. ф.ғ.к., Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы.