4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Бұл күн — еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми түрде бекітілген маңызды дата.
- Ту – тәуелсіздік пен бейбітшілік белгісі
- Елтаңба – мемлекеттің тұтастығы мен тарихының көрінісі
- Әнұран – халықтың рухы мен мақтанышы.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның бейнесі, ұлтымыздың мақтанышы. Туымыз – көк аспан астындағы еркіндігімізді, Елтаңбамыз – бірлігімізді, Әнұранымыз – елге деген сүйіспеншілігімізді білдіреді. Бұл рәміздер – біздің біртұтас мемлекет екеніміздің дәлелі. Әр азамат оларды құрметтеп, қадірлеуге тиіс. Себебі рәмізге деген құрмет – елге деген құрмет.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттың рухы мен тәуелсіздігінің символы. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың өткенін, бүгінін және болашағын бейнелейді. Бұл рәміздер – әрбір азаматтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятады. Мемлекеттік рәміздер күні – тек мереке емес, ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін маңызды күн. Оларды құрметтеу – Отанды сүюдің бір көрінісі.
Мырзахмет М.Ж.