Мемлекеттік ту көтеру рәсімдеріне Президент қатысты

2025 жылғы 4 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың жүрегінде – «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл шара еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын ерекше мерекелік сәт болды. Президенттің сөзінде Мемлекеттік рәміздердің – Елтаңба, Ту және Әнұранның – ұлттың мызғымас болмысының белгісі екені ерекше атап өтілді.
Ту көтеру сәтінде шырқалған әнұран мен көк байрақтың көтерілуі әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді оятты. Президент өз сөзінде көк Тудың халықаралық аренадағы мәртебесін, оны танытқан спортшылар мен бітімгерлердің ерлігін мақтанышпен айтты. Сонымен қатар, жас сарбаздарға айтқан тілегі – оларды отансүйгіш, адал, рухты азамат болуға шақырды. Бұл рәсім тек салтанатты ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа үлгі боларлық терең тәрбиелік мәні бар іс-шара болды. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың парызы екенін терең сезіндік.
Койтасова Г.А.
Шет тілдері кафедрасы
Филология факультеті